«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН БІЛІМІНЕ ТЫҢ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ КӨЗҚАРАС» атты озық педагогикалық тәжірибелердің ІV республикалық форумы

27.10.2022

2022 жылғы 27 қазан күні Аршалы ауданы Жұмабек  Тәшенов атындағы   жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН БІЛІМІНЕ ТЫҢ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ КӨЗҚАРАС» тақырыбында озық педагогикалық тәжірибелердің ІV республикалық форумының бірінші күні өтті. Форумның мақсаты жоспарланған жұмыстарды практика жүзінде, оқу- тәрбие үдерісінде тікелей қарастырып, көпшілік талқысына салу, тәжірибемен алмасу болып табылады.

Аталған форумға Балаларды ерте дамыту институтының директоры Адамова Манар Елекеновна, А.Байтұрсынов академиясының қызметкерлері, Ақмола облысы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы, мұғалімдерінің біліктілігін жетілдіру және әдістемелік орталықтарының мамандары, Туркестан, Манғыстау, Карағанды, Костанай, Акмола облысының мектеп директорлары, әдіскерлері, пән мұғалімдері, республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің мамандары, БАҚ, қоғамдық ұйымдар өкілдері, мектеп ата-аналары және оқушылары қатысты. Жалпы барлығы 100-ден астам қатысушы қатысты. Модератор ретінде Аршалы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мамбетов Талғат Жанабергенұлы  сөз сөйледі.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Қожахметова Слушаш Тельмайқызы авторлық бағдарламаның жүзеге асырылуы жайында сөз сөйледі және оқыту сапасы мен біліктілік деңгейін арттыру құралдарының бірі ретінде Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетілетінін, жұмыс барысындағы басым бағыттардың бірі инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату болып табылатынын, сонымен қатар, бүгінгі таңда тәрбие жұмысында ұлттық сананың жандануы, салауатты өмір салтын тәрбиелеу, интеллектуалды даму, рухани – адамгершілік және көркемдік – эстетикалық тәрбие өзекті мәселе екендігін атап өтті. Біздің облыста қоғам мен мемлекеттің заманауи қажеттіліктеріне бағдарланған тұтас тәрбие жүйесі құрылған. Тәрбие процесін кадрлық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ж.Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Байдилдина Гүлнар Мырзахметқызы  «Мектептегі оқу тәрбие процесін этномәдени құндылықтар негізінде ұйымдастырудың мүмкіндіктері» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Форумда білім мазмұнының жаңаруы мен білім беру саясатындағы өзгерістерге сай оқу процесіндегі өзгерістер қамтылады, шеберлік сағаттары өткізілді. Қатысушыларға еркін микрофон ұсынылды.

Жұмыс барысында оқу-тәрбие процесін этномәдени құндылықтар негізінде жаңаша ұйымдастыру мүмкіндіктері, оқу мен тәрбиенің біртұтастығы, оқушылардың физикалық интеллектісін дамыту, отбасы құндылығы клубының жұмысы және т.б. бағыттағы мәселелер талқыланды.

Просмотров: 496


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст