Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 26 қазан күні «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» жас педагогтарға арналған Республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Педагогикалық олимпиадаға Ақмола облысының 5 жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар 38 жас педагог қатысты.
Республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
Педагог категориясы
1 орын - Дильдебаев Алишер Темирханович, "Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, ағылшын тілі пәні мұғалімі;
2 орын - Рабкен Гульжан Асылхановна, "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 16 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, бастауыш сынып мұғалімі;
3 орын - Орынбай Бақыт Бағдатұлы, «Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының «Білім - инновация» IT лицей-интернаты» КММ, физика пәні мұғалімі.
Психология категориясы
1 орын - Ерболат Шағуан «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, педагог-психолог
2 орын - Казбекова Жазира Сайлаубаевна, "Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " КММ, педагог-психолог
3 орын - Гаас Алина Александровна, "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, педагог-психолог
Тәлімгер категориясы
2 орын - Алиева Улпан Жанатовна, «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Лозовое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, тәлімгер
3 орын - Ердауке Ақ- Жархан, "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ, аға тәлімгер
Жеңімпаздар (Дильдебаев А. Т., Рабкен Г. А., Казбекова Ж. С., Ерболат Ш., Алиева У. Ж.) Республикалық педагогикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.
"Дарынды балаларға – талантты ұстаз" облыстық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз. Шығармашылық жеңістер мен табыстар тілейміз!