«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН БІЛІМІНЕ ТЫҢ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ КӨЗҚАРАС» атты озық педагогикалық тәжірибелердің ІV республикалық форумы

29.10.2022

2022 жылғы 28 қазан күні Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының И.Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН БІЛІМІНЕ ТЫҢ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ КӨЗҚАРАС» тақырыбында озық педагогикалық тәжірибелердің ІV республикалық форумының екінші күніөтті.

Форумның барысында Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының И.Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Туркестанбаева Акнур Арысбаевна форум қатысушыларын мектеп жұмысымен таныстырды және «Оқу тәрбие         процесін интеграциялау және инновациялау» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Форум жоспарына сәйкес тренингтер, шеберлік сағаттары өткізілді.  Секция отырыстарында қатысушылар жеке тәжірибесімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.

Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының И.Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімдері «Ауыл жобасы аясында: Иманжүсіп Құтпанұлының тұлғалық қасиеттері – Жібек жолы ауылының мәдениетін дамытудың тұғыры» тақырыбында мектептің ауыл жобасымен таныстырды.

Форумның қорытындысы пленарлық отырыста талқыланып, ортақ ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 522


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст