Ақмола облысы білім басқармасының "Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті" КММ жоспарына сәйкес 2022 жылғы 26-28 қазан аралығында "Тәлімгерліктің үздік тәжірибесі"облыстық сырттай байқауы өтті. Байқау Ақмола облысының педагог-тәлімгерлерінің тиімді тәжірибесін тарату мақсатында өткізілді. Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды:
1 орын-Вайман Галина Николаевна," Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі"КММ бастауыш сынып мұғалімі.
2 орын - Билоус Оксана Нурулловна, "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңаесіл ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ педагог-психологы.
3 орын-Крагель Людмила Николаевна, "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының № 3 жалпы білім беретін мектебі"КММ бастауыш сынып мұғалімі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!