«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тіліне бойлау бойынша семинар - мониторинг

25.11.2019

2019 жылғы 25-26 қараша күндері тәжірибе алмасу және Көкшетау қаласындағы № 1 Арман, № 5 Қуаныш, № 7 Айша пилоттық балабақшалардың педагогтарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Эстониядан келген халықаралық жаттықтырушы - кеңесшілер Ирена Каосаардың, Светлана Белованың, НЗМ АҚ білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджері Кажигалиева Жанат Башариновнаның қатысуымен қазақ тіліне бойлау бойынша семинар - мониторинг өтуде.

Ақмола облысы басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Каирдосов Олжас Оралұлы құттықтау сөз сөйледі.

Семинар аясында пилоттық бақтардың эксперименталды топтарындағы сабақтарға қатысты: «Ертегілер əлеміне саяхат», «Білемін, танимын, сөйлеймін», «Жас экологтар», «Менің Қазақстаным», «Ұлттық ойындар».                            

Педагогтармен жеке әңгімелесу, кері байланыс, супервизия өткізілді. Халықаралық жаттықтырушы-кеңесшілер «Балабақшаны дамыту бағдарламасындағы жəне басқа да құжаттардағы көптілді білім беру (тілге бойлау)», «Тілдік дамуды қолдау бағытындағы білім берудің даму  ортасы. Оқытудағы кіріктірілген тəсілдеме. Бірлесе жұмыс істеу», «Сабақты алға қойған  тілдік мақсаттарға сəйкес жоспарлау ( тəжірибе, эксперимент) Бағалау. Рефлексия» тақырыптары бойынша оқыту сабағын өткізді. Семинар барысында пилоттық балабақшалардың педагогтарына қазақ тіліне бойлау әдістемесі бойынша ұсынымдар берілді.

 

Просмотров: 630


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст