2019 жылғы 26 қараша күні Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандырылған мектеп-интернатында Ақмола облысы білім беру ұйымдары арасында «Отбасы-тәрбиенің бастауы» отбасылық қарым-қатынас клубының үздік бейнеролигі» атты облыстық сырттай конкурс қатысушылардың салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Жеңімпаздарды білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапайқызы құттықтады.
I, II және III орын алған конкурс жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен, ал қатысушылар грамоталармен марапатталды.
I орын – «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Балауса» бөбекжай-бақшасының «Мен және менің отбасым» отбасылық қарым-қатынас клубы бірінші дәрежелі дипломмен және 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен;
2 орын - Жақсы ауданы, Жақсы №1 орта мектебінің «Отбасы-аялы алақан» отбасылық қарым-қатынас клубы екінші дәрежелі дипломмен және 80 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен ;
2 орын - Қорғалжын ауданы, Жұмай негізгі мектебінің «Шаңырақ» отбасылық қарым-қатынас клубы екінші дәрежелі дипломмен және 80 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен;
3 орын – Біржан сал ауданы, Казгородок орта мектебінің «Отау» отбасылық қарым-қатынас клубы үшінші дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен ;
3 орын- Ерейментау ауданы, Бөгенбай батыр атындағы орта мектебінің «Нұршуақ» отбасылық қарым-қатынас клубы үшінші дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен;
3 орын- Зеренді ауданы, Абай орта мектебінің «Нұрлы шаңырақ» отбасылық клубы үшінші дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды.
Қонақтар мен жеңімпаздар үшін жас таланттар мерекелік концерт дайындады.