Бүгінде жаңарған қоғамға сәйкес мамандықтар рөлі сапалы өзгерістерге ұшыраған. Енді олар бұрынғыдай тұрақты табыс көзі ғана емес. Әрине бұл бүкіл әлемнің даму үрдісі.
Кәсіптерді зерделеудің шығармашылық тәсілін жандандыру, білім алушылар мен педагогтарды бірлескен кәсіптік бағдарлау қызметіне тарту мақсатында 2019 жылғы 27 қараша күні «Достар» МҮ «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» ІІ облыстық форумы өтті.
Форумға мектеп және колледж педагогтары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кәсіптік бағдарлау жұмысы бойынша үйлестірушілер, колледж студенттері, Көкшетау қаласының оқушылары қатысты.
Осы жылы іс-шара «Try-a-Skills» интерактивті кәсіптік бағдарлау алаңы ретінде ұйымдастырылған форумның көрме бөлігіне бағытталған, оның барысында оқушыларда бейнепрезентациялар көрсету, кәсіптік сынамалар өткізу арқылы еңбек нарығында нақты сұранысқа ие мамандықтар туралы бейнелер мен негізгі түсініктер қалыптасады.
«Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» облыстық форум – кәсіптік бағдарлау жылы бойынша үйлестірушілердің жұмысын қорытындылау.
Форум аясында «Үздік кәсіптік бағдарлаушы», «Үздік кәсіптік бағдарлау жобасы», «Мамандықтар автобусы» номинациялары бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Жалпы білім беретін ұйымдарының үйлестірушілері арасында «Үздік кәсіби бағдарлаушы»:
1 орын – Оразалина Зауреш Забихуллиновна, «Степногорск қаласы білім бөлімінің «Қарабұлақ ауылының орта мектебі» КММ;
2 орын – Ермошина Наталья Анатольевна, Атбасар ауданы білім бөлімінің «Полтавка орта мектебі» КММ;
3 орын – Жакубаева Нагима Муратовна, «Атбасар ауданы білім бөлімінің №2 орта мектебі» КММ.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үйлестірушілері арасында «Үздік кәсіби бағдарлаушы»:
1 орын – Айтхожина Гюльнар Рашитовна, «Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі» МКҚК;
2 орын – Маникова Гульмира Орынбаевна, Мадиева Гульнара Сериковна, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы көпсалалы колледжі;
3 орын – Жунусова Жулдуз Нурлановна, «Щучинск қаласының жоғары колледжі» МКҚК.
Жалпы білім беретін ұйымдарының үйлестірушілері арасында «Үздік кәсіптік бағдарлау жобасы»:
1 орын – Кубрина Светлана Викторовна, Степногорск қаласының білім бөлімі жанындағы «Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты» МКҚК;
2 орын – Лазарева Виктория Викторовна, Ақкөл аудандық білім бөлімі «Наумовка орта мектеп-бақшасы» ММ;
3 орын – Петрухно Олеся Николаевна, Сандықтау ауданы білім бөлімінің «Каменка орта мектебі» ММ.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үйлестірушілері арасында «Үздік кәсіптік бағдарлау жобасы»:
1 орын – Алиева Клара Майдановна, «Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі» МКҚК;
2 орын – Корнева Ольга Сергеевна, «Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжі» мекемесі, Көкшетау қаласы;
3 орын – Ахметова Гуль Сайлауовна, Хамзина Бахытжан Толегеновна, «Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі».
Ақмола облысы білім беру ұйымдары арасында «Мамандықтар автобусы»:
1 орын – Атбасар ауданының білім бөлімі, жоба жетекшісі;
2 орын – Щучинск қ., Жоғары техникалық колледж, жоба жетекшісі;
3 орын – Көкшетау қ. «№ 1 құрылыс-техникалық колледжі» КММ, жоба жетекшісі;
«Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» облыстық форумын өткізу нәтижесі-оқушылардың өз бетінше кәсіби өзін-өзі анықтау қажеттілігін тәрбиелеу, кәсіптер әлемі туралы білімді кеңейту, тереңдету, Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен жалпы танысу.