Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 27 қараша күні «Рухани-адамгершілік құндылықтар заманауи білім беру үдерісінің негізі ретінде» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференцияға 70-тен астам адам қатысты: «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мұғалімдер, жалпы білім беретін мектептер мен пилоттық білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, «Өзін-өзі тану» пәніне жетекшілік ететін қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, "Өрлеу" БАҰО АҚ Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері.
Іс-шараның мақсаты «Өзін - өзі тану» пәні бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру, «Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісіне біріктіру жағдайында мектеп пен отбасының өзара іс-қимылының негізгі қағидаларын әзірлеу болып табылады.
Пленарлық және тәжірибелік бөлімнен тұратын облыстық ғылыми-практикалық конференция барысында республикалық деңгейде жетістіктері бар жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері баяндама жасады.
Осы іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи нысандары мен әдістерімен, білім беру жүйесіндегі жаңа басымдықтарға және сыныптан тыс қызметте және ата-аналармен жұмыс жасауда оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру тәсілдерімен танысты.
Облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар «Өзін-өзі тану» пәні бойынша озық педагогикалық тәжірибені одан әрі тарату бойынша өз тілектерін білдірді. Осы секциялар аясында педагогтермен ұсынылған материал оларға «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының оқу-тәрбие үдерісіне кірігуін табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді және педагогтардың өзін-өзі жүзеге асыруға әкеледі деп үміттенеміз.