«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік педагогикалық практика-табысты тәжірибені тарату» республикалық әдістемелік конференциясы

07.11.2022

2022 жылғы 4 қарашада Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінде Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің 10 жылдығы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің «Үздік педагогикалық практика-табысты тәжірибені тарату" республикалық әдістемелік конференциясы ұйымдастырылды. Осы конференцияның мақсаты табысты практикалық тәжірибені синтездеу болып табылады.

Конференция жұмысына Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарының әдістемелік қызметтерінің, сондай-ақ "Талап" КЕАҚ өкілдері, дүниежүзілік сабақты зерттеу ұйымының мүшесі, Lesson Study жаттықтырушысы Котов С. О., көш басшылық мектебінің басшысы, Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Ильясова Д. С. қатысты. Конференцияның бірінші бөлімі практика түрінде өтті, фокус-топтар жұмыс істеді. Онда әріптестер ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс істеу, қамқоршылық кеңестің нәтижесі, ашық білім беру платформасын енгізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту ретінде сабақты зерттеу мәселелерін талқылады,мұғалімдердің ғылыми, баспа қызметін өзін-өзі көрсету және өзін-өзі жүзеге асыру құралы ретінде қарастырды.

Екінші бөлім TED-конференция форматында өтті, онда лектор-қонақтар Lesson Study-дің табысты тәжірибелері мен әдіскердің коммуникативтілігі туралы айтып өтті.

Конференция қорытындысы бойынша ұйымдастырушыларға алғыс хаттар мен қатысушыларға сертификаттар табысталды. Қорытындылар шығарылып, ұсыныстар берілді.

Просмотров: 582


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст