And Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу - әдістемелік кабинеті» КММ-мен 2019 жылғы 29 қараша Сандықтау ауданы, Балкашин № 1 ОМ-де «Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадалық есептерді шешу және олимпиадалық тапсырмаларды орындау» тақырыбындағы аймақтық семинар өткізілді.
Аталған семинардың мақсаты: тыңдаушыларды олимпиадалық тапсырмаларды шешу ерекшеліктеріне үйрету арқылы олимпиадалық қозғалысқа ЖМБ және ҚГБ пән педагогтарының теориялық және практикалық дайындық деңгейін арттыру; оқу пәндері бойынша шығармашылық қабілеттері мен зерттеу іскерліктерін дамыту, білімді тереңдету және олимпиадаға дайындаудың білім беру процесін ұйымдастырудың заманауи әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Семинар барысында панорамалық сабақтар, шеберлік сағаттар, коучинг арқылы олимпиадалық есептерді шешу мен тапсырмаларды орындау жолдары мен әдістері талқыланды.
Аталған семинарға облыстың 4 ауданынан (Атбасар, Зеренді, Жақсы, Сандықтау аудандары) 100-ге жуық мұғалім, оның ішінде пән мұғалімдері, әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты. Есіл, Жарқайың аудандары қатысқан жоқ.
Семинар қорытындысы бойынша аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиадалық есептерді шешу мен тапсырмаларды орындаужөнінде оқушылардың дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында әдістемелік ұсыным берілді.