2022 жылғы қазан айында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» облыстық конкурсы өтті.
Конкурстың ұйымдастырушылары Ақмола облысының білім басқармасы және облыстық оқу-әдістемелік кабинеті болып табылады.
Конкурсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 12 педагогы қатысты.
Кез-келген конкурс - бұл тек конкурсқа қатысушылар үшін ғана емес, сонымен қатар қазылар алқасының мүшелері үшін де ауыр және жауапты іс. Қатысушылардың жұмыстарын білім саласындағы жоғары кәсіби және құзыретті мамандар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бағалады.
«ТжКББ ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» облыстық конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
- І дәрежелі дипломмен және «ТжКБ ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» сертификатымен Таттыбаева Айжан Боранбаевна, «Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі» МКҚК марапатталады.
- ІІ дәрежелі дипломмен Битемір Айнаш Бескемпірқызы, «Каменка ауылының агротехникалық колледжі» МКҚК марапатталады;
- ІІІ дәрежелі дипломмен Мажитханова Мадина Абикановна, Көкшетау қаласының жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі, Турлыбекова Татыгуль Токбаевна, «Чаглинка ауылының жоғары агротехникалық колледжі» МКҚК марапатталады.
Сондай-ақ «Тапқыр педагог» номинациясы бойынша дипломмен қазақ тілі мен әдебиетінің екі оқытушысы Букаева Бибігүл Хабибуллиновна, «Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжі» МКҚК, Даниярова Лаззат Оразалиевна, «Степногорск қаласының тау-кен техникалық колледжі» МКҚК марапатталды. Барлық қатысушыларға конкурсқа қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.
Барлық қатысушыларға шығармашылықтары мен жеңіске деген ерік-жігерлері үшін ризашылығымызды білдіреміз.