Қазіргі уақытта WorldSkills әлемдегі ең ірі кәсіби шеберлік сайысы болып табылады.
Қазақстанда 2014 жылдан бастап WorldSkills халықаралық қозғалысы белсенді дамып келеді, жастарды кәсіби даярлаудың үздік әлемдік тәжірибелері отандық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізілуде.
Биыл «WorldSkills Competition» әлем чемпионаты 10 елде өтуде. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы 30 құзырет бойынша чемпионатқа қатысады. Ақмола облысының 4 студенті Ұлттық құраманың құрамына кірді.
Щучинск қаласы, жоғары техникалық колледжінің студенті Аманбек Орынбай 9-18 қазан аралығында Коян қаласында (Оңтүстік Корея) «Бизнеске арналған IT-шешімдер» құзыреттілігі бойынша қатысты.
15-24 қазан аралығында Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінің студенті Шепелев Николай Қазақстанның намысын Берн қаласында (Швейцария) «Электроника» құзыреттілігі бойынша қорғады. Ол әлемдік деңгейде ел намысын бірінші рет қорғап отырған жоқ. Биылғы жылы Николай Таратылған Еуразия чемпионатына қатысып, Саранск қаласында (РФ) қола медальін жеңіп алды.
Сондай-ақ, Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінің студенті Кононов Вячеслав 6-17 қазан аралығында Леонберг қаласында (Германия) «Фрезерлік станоктардағы СБҚ» құзыреті бойынша қатысты.
30 қазан мен 8 қараша аралығында Больцано қаласында (Италия) «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша біздің еліміздің намысын Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжінің студенті Дуйсенова Венера қорғады.
Халықаралық чемпионатқа педагогтар мен студенттердің қатысуы WorldSkills қозғалысын дамыту бойынша тәжірибе алмасуға ықпал етеді, кадрлар даярлаудағы өзекті әлемдік трендтерді зерделеуге және отандық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.