Жастар жылы аясында Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті жас педагогтардың ІІ Облыстық форумын өткізді. Форумның негізгі мақсаты жас маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту және өзіндік білім алуы үшін жағдай жасау болып табылады.
Облыстың 100-ден астам жас мұғалімі, бір команда болып, республикамыздың жетекші педагог қызметкерлері өткізген шеберлік сағаттары мен тренингтерге қатысты. Спикерлердің қатарында Алматы Менеджмент Университетінің (АлмаU) бірінші проректоры Қанағатова Алмагүл Медихатқызы да болғанын айта кету керек. Ол жас мамандарға білім беру философиясы, педагогтардың өмір сүру құндылықтары мен үлгісі жайлы айтты.
Жұмыс барысында Алмагүл Медихатқызы форумда белсенді жұмыс істеген үш жас мұғалімді іріктеп алды: Целиноград ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әмзе Бекежан Ұлықбекұлы, Астрахан ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Омарбекова Серікгүл Бағдатқызы және Зеренді ауданының информатика пәні мұғалімі Мималымов Сәулебек Кенжеболатұлы. Осы жас мұғалімдер Шымкент қаласына жолдама алып, «Білім берудегі Менеджмент» республикалық семинарында құрметті қонақтар болғанын мақтанышпен айтуға болады.
Аталған семинарда Шымкент облысының сексен директоры АлмаU оқытушыларынан білім алғаннан кейін өз жобаларын көпшілік алдында қорғады.
Біздің облысымыздың белсенді жас мұғалімдердің осындай жоғары деңгейлі семинарға қатысуы - бұл жас педагогтардың өз кәсіби шеберлігін арттыру және білім беру жүйесінде алдағы уақытта үздік нәтижелерге қол жеткізудегі жас мамандарды қолдау бойынша облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің жұмыстарының бірі.