2019 жылғы 4-6 желтоқсан аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің қолдауымен «Инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері» республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізуде.
Конференцияның мақсаты инклюзивті мәдениетті дамыту мәселелері бойынша білім беру саласындағы кәсіби қауымдастықтың күш-жігерін біріктіру болып табылады.
Конференция бағдарламасында:
- Қазақстандық жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерінің, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА инклюзивті білім беруді дамыту орталығының, Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің қатысуымен пленарлық отырыс, тақырыптық алаңдар;
-инклюзивтік тәжірибелерді дамытатын жалпы білім беретін және арнайы мектептер мамандарының, «Балдәурен» РОСО қызметкерлерінің шеберлік сағаттары қарастырылған.
Конференцияға инклюзивті білім беру теориясы мен тәжірибесін дамытатын жалпы білім беретін және арнайы мектептердің педагог қызметкерлері, ғалымдары, білім беру ұйымдарының басшылары, қосымша білім беру педагогтары, ұйымдастырушы-педагогтар, Ақмола облысынан келген делегация құрамында облыстық оқу-әдістемелік кабинеттінің, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталықтарының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, жалпы білім беретін мектептердің өкілдері, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалының, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің өкілдері қатысуда. Әріптестер Ақмола облысының білім беру ұйымдарында инклюзивті тәжірибелерді енгізу тәжірибесін ұсынды, сондай-ақ конференция бағыттары бойынша секциялардың модераторлары болды.