«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «Кәсіпкерлік негіздері» жобасын жүзеге асыру аясында 2019 жылғы 5 желтоқсан күні Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарына барды.
Делегация құрамында «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізу жобасының жетекшісі Жұлдызбаев Нұғман Есболғанұлы және адами капиталды дамыту департаментінің сарапшысы Региль Инна Михайловна болды.
Кездесудің негізгі мақсаты: «Кәсіпкерлік негіздері» - бұл тек пән емес, Қазақстандағы кәсіпкерлік сауаттылық деңгейін арттыруға көмектесетін жүйе екенін көрсету.
«№1 орта мектеп-гимназиясы» КММ-де 10 сыныпта мұғалім Конкашева Дана Айткалиевнамен «Стартап – мәдениет» тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Сабақта «Marshmallow Challenge» кәсіпкерлік негіздері бойынша ойындар ұйымдастырылып, оқушылар бизнес жүргізу бойынша алған білімдерін көрсетуге мүмкіндік алды.
«№6 орта мектеп – лицей» КММ-де мұғалімі Жуматаева Асель Салимгареевна диалогтік алаң түрінде сабақ өткізді, онда оқушылар қонақтардың баяндамаларына қызығушылық танытып, кәсіпкерлік туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Жұлдызбаев Нұғман Есболғанұлы «Кәсіпкерлік негіздері» элективті курсын жүргізетін қала мектептерінің мұғалімдерімен шеберлік сағатын өткізді.
Болашақта 11 сынып оқушылары үшін «Кәсіпкерлік негіздері» оқулығын апробациядан өткізу мәселесі пысықталатын болады.