019 жылғы 6 желтоқсан күні Қызыл жар ауылындағы №3 агротехникалық колледжінде аграрлық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өтті. Өндірістік оқыту шеберлері мен ауыл шаруашылығы бағытындағы колледждердің арнайы пән оқытушылары тәжірибе алмасу, ауылдық жерлерде студенттерді дайындау бойынша өз пікірлерімен бөлісу мақсатында жиналды. Әдістемелік бірлестігінің төрайымы И.А. Ивашкевич қатысушыларды отырыс бағдарламасымен және 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Жұмыс берушілер дайындық сапасына қандай заманауи талаптар қоятыны туралы колледждің әлеуметтік серіктестері сөз сөйледі-«Умай жер» ЖШС-нің директоры А.М. Ельмаганов, «Eurazia Group Kazakhstan» ЖШС-нің сервистік инженері Х.Р. Омаров.
Қатысушылармен WorldSkills Kazakhstan 2019 Ұлттық чемпионатына қатысқан Көкшетау қаласындағы № 1 құрылыс-техникалық колледжінің оқытушысы Н.А.Кузьмина өз тәжірибесімен бөлісті және чемпионатқа дайындық кезіндегі маңызды сәттеріне тоқталып өтті. Қатысушыларды бұл тәжірибе өте қызықтырды.
Семинар-отырысқа қатысушылар білім беру үдерісіне WorldSkills стандарттарын енгізу қажеттілігі туралы пікірге келді. Колледж педагогтарымен құзыреттілік бойынша шеберлік сағаттар ұсынылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.