Текст
2019 жылғы 25 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығында Ақмола облысының педагог-психологтарына арналған «Психологиялық кеңес беру тәжірибесі» атты біліктілікті арттыру курсы өтті. Курста психологиялық кеңес беру негіздері, балалар мен жасөспірімдер коучингі, білім беру кинесиология, өмірлік қиын жағдайларда дағдарыстық көмек мәселелері қаралды.
Оқу белсенді, интерактивті түрде өтті. Курстағы ПШО-ның тренері В. Пакпен берілген ақпарат анық және қол жетімді болды. Жұмыс барысында педагог-психологтарға кіріспе материалдары беріліп, әрі қарай қажетті ақпаратты өздері алды. Сонымен қатар тәжірибе жүзінде іске асырып, бұл оқуды сапалы өткізуге мүмкіндік берді.