«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Ұлы даланың Ұлы есімдері» облыстық конкурсты өткізу

09.12.2019

Педагогтардың ғылыми – зерттеу және оқу – танымдық қызметін ынталандыру және білім беру саласында зияткерлік өнімдерді дайындау, нәтижелі тәжірибені қамтамасыз ету мақсатында  2019 жылғы 9 желтоқсанда Көкшетау қаласының дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернаты базасында «Ұлы даланың Ұлы есімдері»   облыстық конкурстың 2 кезеңі өткізілді.

Конкурс келесі бағыттар бойынша өтті:

1. «Ақмола облысының тарихи ескерткіштері»;

2. «Өлкетану  -  ұлттық жаңғыру»;

3. «Тәрбие жұмысына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық құндылықтар идеяларын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын енгізу (Ашық аспан астындағы мұражай)»;

4. Көкше өңірінің Ұлы есімдері.

Ғылыми – танымдық жобаларды іріктеуден кейін Ақмола облысы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері өз жұмыстарын таныстырды. 

Қазылар алқасының шешімі бойынша орындар келесідей бөлінді:

І орын-  Сарсекеева Даулет Жарылкасыновна, Бурабай ауданы №7 мектеп-лицейі;

II орын - Ахметбекова Гульнара Сагынтаевна, Есіл ауданы С.Серіков атындағы  орта мектебі;

II орын - Өнерхан Айнұр, Шортанды  ауданы №3 қазақ орта мектебі;

II орын - Танхай Саулеш, Ақкөл ауданы Кирдищев атындағы орта мектебі;

II орын - Касенов Ернұр Жанатұлы, Қорғалжын ауданы Амангелді орта мектебі;

II орын -Исабеков Айнұр Галымжановна, Қорғалжын ауданы Арықты орта мектебі; 

II орын –Бейсенбай Адай, Ақкөл ауданы, А.Құсайынов атындағы орта мектебі;

ІІІ орын- Берац Елена Ивановна, Степногорск  қаласы  №4 «Арман» балабақшасы;

ІІІ орын- Жилкайдарова Гульсум Куанышбековна, Көкшетау қаласы, №6 орта  мектеп-лицейі;

ІІІ орын- Годованец Ирина Александровна, Кажмуратова Ажар Сансызбаевна, Атбасар ауданы  Шуйскі орта мектебі;

ІІІ орын- Кенбаев Ақын Амирбаевич, Степногорск қаласы №1 Ақсу орта мектебі;

ІІІ орын- Бекетай Баян Ахатайқызы, Бурабай ауданы № 9 мектеп-гимназиясы;

ІІІ орын- Төлебай Гүлдана Ерсұлтанқызы, Целиноград ауданы Қажымұқан ауылы №4 негізгі мектебі.

ІІІ орын- Тупина Имут Аутеновна, Степногорск  қаласы, Индустриалдық- техникалық колледжі;

ІІІ орын-  Еділ Аманжол, Бұланды Макинск қаласы №5 орта мектебі;

ІІІ орын- Есимкаирова Анар Тимокбаевна, Сандықтау ауданы №1 Балкашин орта мектебі.

Жүлделі орын иегерлері Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен, дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталды, барлық қатысушыларға облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің сертификаттары табыс етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 602


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст