«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шеберлік сағаты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту формасы ретінде

19.12.2022

 2022 жылғы 14 желтоқсанда «Шеберлік сағаты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқыту формасы ретінде» тақырыбында on-line форматта  облыстық семинары өтті.

Семинарда жетекші педагогтер, «Үздік педагог» атағының иегерлері, республикалық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары сөз сөйледі. Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары С.Б.Қасымжанова, Н.С. Редько «Арнайы пәндер сабақтарында интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы баяндамаларында теориялық оқыту үдерісінің құрылысы және кәсіптік практиканы ұйымдастыру жайлы айтып өтті.

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары  қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Н.С.Мукушева «Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда оқытудың жеті модульді ықпалдастыру мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша баяндама жасап, презентация ұсынды.

Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі басшысының ОӨЖ жөніндегі орынбасары А.М.Лазорский заманауи білім беру жүйесіндегі цифрлық білім беру ресурстарымен таныстырды. Красный Яр ауылы агротехникалық колледжінің математика пәні оқытушысы А.Е.Қасымов өз сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Семинар жұмысына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Әрине, мұндай кездесулер кәсіби шеберліктің дамуына ықпал етеді. Бұл бірінші кезекте мұғалімдердің құзыреттілігіне, олардың ғылыми және әдістемелік біліктілігіне, шығармашылығына және болашақ маманды даярлау мен қалыптастыру мәселелерін іс жүзінде шешу қабілетіне байланысты.

 

Просмотров: 908


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст