2019 жылғы 13 желтоқсанда сағат 10.00-де Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінде Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес білім бөлімдерінің әдіскерлері, аудандық әдістемелік бірлестіктер мен Көкшетау және Степногорск қалаларының әдістемелік бірлестіктерінің басшылары және психологиялық қызмет үйлестірушілеріне арналған «Білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу» атты семинар өтті.
Аталмыш семинардың мақсаты облыстың психологиялық қызметтердің жұмысын жүйелеу, сонымен қатар білім бөлімдері әдіскерлерінің, аудандық, қалалық ӘБ басшыларының және психологиялық қызмет үйлестірушілерінің бірлескен қызметі болып табылады.
Семинар барысында білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері И.И. Ермұханова, Степногорск қ. білім бөлімінің әдіскері Е.А. Макарова, «BILIMFOUNDATION» ҚҚ-ның үйлестірушілері Ж.Ж.Бекахметова және А.Б. Танинаның ақпараты тыңдалды. Ақмола облысы білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу бойынша ұсынымдар ұсынылды және қабылданды.
Семинарға 35 адам қатысты.