«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін - өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тәрбиелеу және оқыту жүйесінің жұмыс істеуі» республикалық форумы өтті

13.12.2019

2019 жылғы 13 желтоқсан күні Щучинск қаласындағы Жоғары педагогикалық колледжі базасында«Өзін - өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тәрбиелеу және оқыту жүйесінің жұмыс істеуі» тақырыбында республикалық форум өтті. Форумға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т.Каринова, «Бөбек» ҰҒПББСО өкілдері, «Өзін - өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасыбойынша республикалық кеңес мүшелері, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары, ата-аналар қауымдастығы-160-тан астам адам қатысты. Форум аясында «Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының ағымдағы жағдайы мен оны іске асыру перспективалары, оның ішінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне, жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде отбасылық тәрбиеге біріктіру бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды және шығармашылық шеберханалар, шеберлік сағаттар өткізілді. Бағдарламаны іске асырудың үздік тәжірибесін алмасу және жариялау үшін өңірлік және жергілікті деңгейлерде білім беру ұйымдары мен «Бөбек» ҰҒПББСО өзара қызмет жүйесін құруға баса назар аударылды. Форум қатысушылары Ақмола облысының пилоттық мектептері мен колледждерінің әдістемелік көрмесімен танысты.  «Өзін - өзі тану» рухани- адамгершілік білім берудің барлық өзекті мәселелері бойынша ұсынымдар әзірленді.

Просмотров: 681


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст