«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында онлайн тәртібінде семинар өтті

20.12.2019

Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 20 желтоқсан күні сағат 11.00-де  «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында  онлайн тәртібінде  семинар өтті.

Семинардың мақсаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің әдістемелік құралдарымен, сондай-ақ «Кәмелетке толмағандар арасында денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ суицидтің алдын алу» бағдарламасының әдістемелік аспектілерімен танысу болып табылады.

Семинар барысында білім басқармасының ОӘК әдіскері   И.И. Ермуханованың, «BILIMFOUNDATION» ҚҚ координаторлары   Ж.Ж. Бекахметованың және А.Б.Танинаның ақпараты тыңдалды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу бойынша ұсыныстар  мен ұсынымдар  қабылданды.

Семинар жұмысына 33 адам қатысты.

Просмотров: 492


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст