«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық оқу-әдістемелік кабинеттерді әдістемелік сүйемелдеу

25.12.2019

Бұланды аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің қолдауымен 2019 жылғы 24 желтоқсан күні Макинск қаласының мектеп-лицейінде «Білім берудің инновациялық қызметіндегі жас педагогтар» атты жас педагогтардың аймақтық форумын ұйымдастырды.

Бұл іс-шараның басты бағыты еңбек жолының басында кәсіби қиындықтарды жеңуде әдістемелік көмек көрсету арқылы жас педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады.

Жас мұғалімдер алдында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Г.Ө.Дюсенова және Бұланды аудандық білім бөлімі басшысының м. а. Т.Л. Максимова құттықтау сөз сөйледі.

Форум практикалық бөлімнен басталды.  Жетекші мұғалімдер    К.К.Ахметжанова мен Л.С.Пилипенко білім беру процесіндегі кері байланыстың  тиімділігінің негізгі элементтері туралы коучинг өткізді. Одан әрі жұмыс барысында «Өрлеу» облыстық филиалының жаттықтырушылары   Г.М.Сағандыкова мен Р.А.Мұқанова жас педагогтарды тренингтерге қатыстыра отырып, «Оқушыларды сыни ойлауға неге үйрету керек?», «Оқытуда IT технологияларын қолдану» сұрақтары қарастырды. Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының жетекші жаттықтырушысы А.Д.Мусина форумға қатысушыларға «Критериалды бағалау: қара жәшіктің ішіндегі жұмыс» қарқынды-тренингін өткізді.

Іс-шараның екінші бөлімі әр түрлі баяндамалармен мазмұнды болды. Мұғалім-тәлімгер А.Р.Еркенова және жас педагог А.С. Серикова ұстаздың жүйелі жұмысы туралы айтты. Вознесенка орта мектебінің мұғалімі, облыстық «Үздік педагог-2019» байқауының номинанты М.А.Наценус жас педагогтарға «Оқушының сұранысы бойынша педагогикалық қолдау» шеберлік сағатын өткізді. Бұланды ауданының жас мұғалімдері Тойлыбай Жанарбек және Темирханова Саягүл педагогикалық жолының сәтті басталуымен бөлісті. Ауданның жастар саясаты жөніндегі маманы   И.Ж.Айбабина волонтерлік жұмысты және волонтерлік тәлімгерлік қозғалысын одан әрі дамыту мәселесін егжей-тегжейлі баяндап берді.

Семинар Бұланды ауданының ерекше көзге түскен педагог қызметкерлерін облыстық білім басқармасының грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапаттаумен аяқталды.

Просмотров: 580


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст