«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық және қалалық білім беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде «Кітап – білім бұлағы» жобасы негізінде буккросинг бойынша іс- шаралар өтуде

27.12.2019

2019 жылғы 27 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақмола облысының мектептерінде 12249 оқушы қамтылған келесі іс-шаралар өткізілді: «Тәуелсіздік шыңы», «Тәуелсіз Қазақстан», «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні», «Кітап - білім бұлағы», «Кітапханаға сыйлық», «Рухани және адамгершілік тәрбие»  кітап көрмелері, «Менің Отаным- Қазақстан», «Жайнай бер, Қазақстаным!» мәнерлеп оқу сайысы, «Менің Қазақстаным» викторинасы, «Оқып болсаң басқа оқырманға бер», «Тіл тағдыры-ел тағдыры», «Жұмбақтар әлеміне саяхат» тақырыбында дөңгелек үстел,  «Тәуелсіздіктің 28 кітабы» интернет - байқауы, «Отаным- мақтанышым!» патриоттық форумы, «Бірге оқиық!» ақпараттық стенд,  «Кемел Елбасы», «Қазақстанның ең қастерлі құндылығы - Ел тәуелсіздігі» тақырыптық көрмесі.

Оқушылар облыс мектептерінің кітапханаларында өткізілген «Кітап әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс іс-шараларға қатысты.  «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі - Мәңгілік елдің ұлы тарихы» атты салтанатты концерт ұйымдастырылды.

Облыста «Мектепке кітап сыйла» акциясы бойынша үлкен жұмыс жүргізілді: оқушылар оқылған кітаптар туралы өз әсерлерімен бөлісті, ұнаған кейіпкерлер туралы айтты, бір-біріне белгілі бір кітапты алуға кеңес берді.

 

Просмотров: 584


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст