2023 жылдың 25 қаңтарында Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті өткізген Ақмола облысының шебер ұстаздарының әдістемелік идеялары марафоны басталды.
Мақсаты: Шебер ұстаздардың іс-тәжірибесінен алынған озық әдістемелік идеяларды трансляциялау.
Марафон аясында шебер-ұстаздар шеберлік сабақтары, коучингтер, семинар-тренингтер, панорамалық трек, педагогикалық әжірибені тарату жұмыстарын жүргізеді.
2023 жылдың 25 қаңтарында бастауыш сыныптың шебер ұстаздары сөз сөйлеп,тиімді педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
1."Бастауыш мектепте сабақта оқытудың белсенді әдістерін қолдану" - Шатрова Татьяна Георгиевна,"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Михайловка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі;
2. "Бастауыш білім берудің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары" - Сницаренко Тамара Анатольевна,"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Турген ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі;
3. "Сабақты жоспарлау; оқу мақсаты, сабақ мақсаты" - Тлеулесова Динара Кайрбековна, "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Новомарковка ауылындағы Балабек Жахин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі.
Марафонға 100-ден астам педагог қатысты.