«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында «Тәуелсіздік - ел тұғыры» республикалық (сырттай) мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың көркем сөз арқылы туған елінің тарихын құрметтеуге, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Байқаудың ұйымдастырушысы – «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы. Аталған байқауға 3-6 (7) жас аралығындағы мектепке дейінгі ұйымдардың балалары қатысты.
Орындау деңгейі келесі критерийлер бойынша 3 балдық жүйемен бағаланды:
Байқау ережесінің критерийлеріне сәйкес келетін мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыстары республикалық кезеңге жіберілді.
Республикалық байқауының қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының №33 Ю. Гагарин балабақшасының тәрбиеленушісі Ласточкина Екатерина жүлделі орынға ие болды. Мұғалімдер Н. Е. Акишева, А. К. Кадырбаева II дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының алғыс хаттарымен белсенді қатысқаны үшін Көкшетау қаласының №33 Ю. Гагарин балабақшасы, № 37 «Өркен» балабақшасы, Целиноград ауданының «Қошақан» балабақшасы марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!! Шығармашылық табыс тілейміз!