Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 8-13 ақпан күндері «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Фестивальдің мақсаты - педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, облыс мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Фестивальға мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, жалпы орта білім беретін мектептерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтері, психологтар, логопедтер қатысты.
Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
1) «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (директорлар, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтардың әдіскерлері);
2) «Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері);
ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер (химия, биология, география, экология);
физика-математика бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика);
қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, тарих, құқық);
ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер;
қолданбалы цикл (көркем еңбек, дене шынықтыру, технология, АӘД, музыка, қолданбалы өнер).
3) «Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері);
4) «Сабақ аяқталған соң...» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру орталықтарының педагогтері);
5) «Психолог сандықшасы» (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтар).
Конкурстың қорытындысы бойынша 3 бағытта келесі педагогтер орналасты:
«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағытында
Кушекова Бибигуль Куанышевна, Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының директоры;
Бекетай Баян Ахатайқызы, Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының мектеп директорының орынбасары;
Глинова Ирина Анатольевна Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 2 жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары;
«Шеберлік палитрасы» бағытында Мусаипова Алия Каиркеновна, Бурабай ауданы Щучинск № 1 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі;
Кульмаганбетова Жанар Тасбулатовна, Астана қаласы, №2" Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
Самосевич Ольга Владимировна, Астрахан ауданы, Жалтыр ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын пәні мұғалімі.
«Шығармашыл толқын» бағытында Фахрутдинова Анжелла Гилимутдиновна, Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі;
Облыстық кезеңінің жеңімпаздары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдарымен марапатталып және республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!