Текст
Вебинарда шеберлік сағаттар, коучингтер, фасилитациялық сессия өткізілді және педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті. Атбасар ауданы Сепе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сапаров Жандос Сұлтанбайұлы мұғалімдермен «Функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған креативті тапсырмаларды жобалау әдістері» тақырыбында фасилитациялық сессия өткізді. Көкшетау қаласының «Білім-инновация» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері эссе жазу тәсілдері және сабақта сыни ойлау әдістерін қолдану бойынша коучинг өткізді. Аталған марафонға 90 астам педагог қатысты.