Бүгін, 2020 жылғы 10 қаңтар күні Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде Ақмола облысы колледждері оқытушыларының шығармашылық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Шығармашылық пәндер педагогтары жаңа білім беру бағдарламаларын енгізумен байланысты мәселелерді талқылау, оқытудың жаңа әдістемелері бойынша тәжірибе алмасу үшін кездесті. Сонымен қатар оқытушылар WorldSkills қозғалысына қатысуға қызығушылық танытты: мақсаттар қойылды және оларға қол жеткізу жолдары талқыланды. Әріптестермен мәдениет колледжінің жаңа корпусы бойынша экскурсия, педагогтар мен студенттер жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Семинар жақсы көңіл- күйде, достық атмосферада өтті. Отырыс қорытындысы бойынша әдістемелік бірлестіктің одан әрі жұмысы жөнінде ұсынымдар қабылданды.