Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу – әдістемелік кабинетінде 2020 жылғы 10 қаңтар күні Ақмола облысы білім беру ұйымдарындағы педагог – психологтар жұмыс тобының үшінші отырысы өтті. Барлығы 12 адам қатысты.
Аталған жұмыс тобы Ақмола облысының білім беру ұйымдарында психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу қызметтерінің жұмыс істеуіне бірыңғай тәсілдерді әзірлеу және олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылды.
Жұмыс тобының үшінші отырысының күн тәртібінде диагностикалық процедураларды жүзеге асыруда бірыңғай тәсілдерді әзірлеу туралы мәселе және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған білім беру ортасын толыққанды қамтамасыз ету үшін нормативтік құжаттама қаралды.
Психологиялық диагностиканың бірыңғай тәсілдері, диагностиканы өткізудің этикалық нормалары, диагностикалық құрал-жабдықтарға қойылатын талаптарды сақтау, психологиялық қорытынды жазуға ұсыныстар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған білім беру ортасын қамтамасыз ету үшін нормативтік құжаттар тізбесі қарастырылды және ұсынылды.