«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ББЖМ - 2022 нәтижелерін талдау. Мәселелер және оларды шешу жолдары

25.02.2023

2023 жылғы 24 ақпанда облыстық оқу-әдістемелік кабинет 2022 жылғы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингінің нәтижелері бойынша ақпараттық кеңес өткізді, онда зерттеуге қатысқан аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, орта білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары шақырылды.

Аталған кеңесте 2022 жылғы ББЖМ нәтижелеріне талдау жасалды, оқушылардың оқу сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланды, сондай-ақ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскерлері пән мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстармен таныстырды, олар 2022 жылғы ББЖМ талдауы негізінде қиын тақырыптары бойынша әзірленді.

Оқыту сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспары, әдістемелік ұсынымдар облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің сайтында орналастырылған. (http://oumk.aqmoedu.kz/)

Просмотров: 1509


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст