2020 жылдың 8-14 қаңтар аралығында РФММКЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қолдауымен мамандандырылған мектептердің математика, физика және информатика пәндері бойынша олимпиада резервінің мұғалімдері мен тренерлердің халықаралық ашық шығармашылық конкурсын өткізді. Конкурсқа елдердің (Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Сербия, Өзбекстан,Қазақстан) 150 мұғалімдері мен тренерлері (70 математика, 50 физика және 30 информатикадан) қатысты.
Конкурсқа математика, физика және информатика пәндері бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қазылар алқасының мүшелері және мектептің жетекші мұғалімдері қатысты.
Конкурстың басты мақсаты дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру болып табылады.
Ақмола облысы жалпы білім беретін мектептердің құрамында 3 педагогы бар облыстардың бірі болды.Өткен конкурстың қорытындысы бойынша
№ 6 орта мектеп - лицейінің информатика пәні мұғалімі Гартунг Сергей Александрович 3 дәрежелі дипломмен, гуманитарлық-техникалық лицейінің физика пәні мұғалімі Филипов Алексей Владимирович - 4 орын үшін грамотамен, Сабитова Алма Ибрагимқызы – гуманитарлық - техникалық лицейінің математика пәні мұғалімі конкурсқа қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Біздің ұстаздарымызға алдағы уақытта толағай табыстар мен үздік нәтижелерге қол жеткізулеріңізді тілейміз.
Кожахметова Сауле Булатовна