«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Экологиялық білім беру және тәрбиелеу» үздік әдістемелік әзірлемелердің облыстық сырттай конкурсы

01.03.2023

2020-2023 жылдарға арналған білім беру процесіне экологиялық тәрбиені енгізудің Жол картасын іске асыру аясында ағымдағы жылғы                  28 ақпанда Ақмола облысының сынып жетекшілері мен қосымша білім беру педагогтері арасында «Экологиялық білім беру және тәрбиелеу» үздік әдістемелік әзірлемелердің облыстық сырттай конкурсы өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты: экология, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында білім алушылармен оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыратын педагогтердің тәжірибесін қолдау және насихаттау, экологиялық тәрбие барысында оқу-білім беру процесінде қолдану үшін әдістемелік әзірлемелер банкін құру.

Конкурс қорытындысы бойынша облыстық конкурс жеңімпаздары анықталды:

I орын – Есенбаева Бакот Калиевна, Сандықтау ауданы Веселое  ауылының Социалистік Еңбек Ері  Байдалы Оразалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі.

II орын – Карагызова Айбарша Майкенқызы, Біржан сал ауданы Ақсу ауылының  негізгі орта мектебі; Филипенко Ольга Тадеушевна, Астрахан ауданының №2 жалпы орта білім беретін мектебі; Ахметбекова Гульнар Сагинтаевна, Есіл қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы.

III орын – Штоль Людмила Владимировна, Шортанды ауданы Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі; Андреева Марина Александровна, Есіл ауданы  Сайлау Серіков атындағы  жалпы орта білім беретін мектебі; Маженова Арайлым Айдарбековна, Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты; Дель Евгения Анатольевна, Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Просмотров: 820


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст