2023 жылдың 1-3 наурызында Алматы қаласында «Жылдың үздік психологы» республикалық байқауы өтті. Байқауға республиканың 21 облысынан 97 психолог қатысты. Ақмола облысы атынан Бурабай, Жарқайың, Есіл, Егіндікөл аудандары мен Көкшетау, Қосшы қалаларының алты педагог-психологтары қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгеруді көрсететін дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау, оларға қолдау көрсету және ынталандыру. Байқауға үш категория бойынша қатысты: еңбек өтілі 3 -5 жылға дейін, 5 -7 жылға дейін, 7 жыл және одан жоғары.Конкурс қорытындысы бойынша II дәрежелі диплом-Бурабай ауданы,Щучье қаласының №7 МЛ педагог-психологы Есмагулова Г.М. және Көкшетау қаласындағы # 12 ЖББ мектебінің педагог-психологы Құрманбаева З.М және Жарқайын ауданы Отрадное ауылының негізгі орта мектебінің педагог-психологы Мыңбаева Ж.Т.
III дәрежелі дипломмен - Есіл ауданы, Жаныспай ауылының орта мектебінің педагог-психологы Виситаева А.В. Қол жеткізген ерекше жетістіктері үшін Егіндікөл ауданы, Көркем ауылының негізгі орта мектебінің педагог-психологы Муканова Р.Ж. және Қосшы қаласының #2 орта мектебінің педагог-психологы Бапаева Г.С грамотамен марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!