«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытындысы

04.03.2023

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылдың 1-3 наурыз күндері Алматы қаласындағы «Shera Inn Hotel» қонақүйінің базасында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізді.

Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және өзіндік жетілу қабілетін, білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырады.

Педагогикалық олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 120-дан астам мұғалім қатысты. Ақмола облысының атынан облыстық кезеңнің 5 жас педагог жеңімпазы қатысты.

ТЕD форматында ұсынылған Педагогикалық идея барысында мұғалімдер өздерінің негізгі жұмыс жүйесін, кәсіби құзыреттілік деңгейін, технологиялық және коммуникативтік мәдениетті, сабақтың эстетикасын, оқу үрдісін талдай білуді тәжірибелік түрде жүзеге асырды.

Қазылар алқасы ЖОО-ның оқытушылары, мектептің алдыңғы қатарлы басшылары мен практик-педагогтерінен құралды.

Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломымен «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің педагог-психологі Ерболат Шағуан марапатталды және ІІІ дәрежелі дипломымен «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Лозовое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің тәлімгері Алиева Улпан Жанатовна иеленді

Үш педагог ерекше жетістіктері үшін грамоталармен марапатталды:

      Дильдебаев Алишер Темирханович, "Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, ағылшын тілі пәні мұғалімі;

      Рабкен Гульжан Асылхановна, "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 16 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, бастауыш сынып мұғалімі;

      Казбекова Жазира Сайлаубаевна, "Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " КММ, педагог-психологі.

Сонымен қатар, әрбір педагогке қатысушы сертификаты берілді.  Педагогикалық олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық табыстар тілейміз!

Просмотров: 1093


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст