Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылдың 4-6 наурыз күндері Алматы қаласында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын өткізді. Фестивальдің мақсаты - педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Фестивальға мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, жалпы орта білім беретін мектептерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтері, психологтар, логопедтер қатысты.
Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
1) «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (директорлар, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтардың әдіскерлері);
2) «Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері);
ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер (химия, биология, география, экология);физика-математика бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика);қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, тарих, құқық);ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер;қолданбалы цикл (көркем еңбек, дене шынықтыру, технология, АӘД, музыка, қолданбалы өнер).
3) «Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері);
4) «Сабақ аяқталған соң...» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру орталықтарының педагогтері);
5) «Психолог сандықшасы» (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтар). Ақмола облысынан облыстық кезеңінің 7 жеңімпазы қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша республикалық байқауының жеңімпаздары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен марапатталды:
Сондай-ақ, Бекетай Баян Ахатайқызы, Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының мектеп директорының орынбасары; Мусаипова Алия Каиркеновна, Бурабай ауданы Щучинск № 1 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі, Кульмаганбетова Жанар Тасбулатовна, Астана қаласы, №2" Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі және Мықтыбекова Зинат Қайыржанқызы, Жарқайың ауданы Далабай ауылының негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі грамоталарымен марапатталды.
Сонымен қатар, әрбір педагогке қатысушы сертификаты берілді.
Республикалық кезеңінің жеңімпаздарын және қатысушыларын құттықтаймыз!