2023 жылғы 9 наурыз күні Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназиясында «Математикалық регата» математика мұғалімдеріне арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиада мақсаты: математика пәні педагогтердің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.
Облыстық кезеңде барлығы 19 педагог қатысты.
Олимпиада төрт кезеңнен құрылды. Әрбір кезең – үш тапсырмадан тұрды. Бірінші тапсырма – алгебра, математикалық анализ негіздері, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық және «сандар арқылы».
Олимпиада қорытындысы бойынша облыстық кезеңнің жеңімпаздары келесі педагогтер атанды:
1. Дамер Болатбек, Жарқайың ауданы, Державинск қаласының А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі;
2. Абдулхаков Жумадулла Сунатуллаевич, Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының математика мұғалімі;
3. Коршунова Наталья Викторовна, Шортанды ауданы, № 2 Шортанды кентінің жалпы орта білім беретін мектебінің математика мұғалімі;
4. Жұмат Нұрсұлтан Әбдімұратұлы, Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының математика мұғалімі;
Олимпиада жеңімпаздары (төрт адамнан құралған команда) Ақмола облысының білім басқармасының әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталады, сонымен қатар, 2023 жылғы 28-29 наурыз күндері Ақтөбе қаласында «Математикалық регата» өткізілетін республикалық кезеңіне қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!