Практикалық психолог кабинеті — білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық көмек пен қолдау көрсетудің бірыңғай жүйесінің бір буыны. Оның міндеті уақытылы білікті консультативтік-әдістемелік, психологиялық және психокоррекциялық көмек көрсету болып табылады.
2023 жылғы 10 наурыз күні оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруда психолог кабинетінің рөлін күшейту мақсатында «Ең үздік психолог кабинеті» облыстық сырттай конкурсының сараптама комиссиясының отырысы өтті.
Облыстық конкурсқа 40 білім беру ұйымдары қатысты.
Конкурс үш санат бойынша өткізілді:
Мектепке дейінгі білім санатында:
I орын - «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының «Дән» бөбекжайы» МКҚК;
II орын - «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Еркетай» №5 балабақшасы» МКҚК;
III орын - «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының №1 «Гүлдер» бөбекжайы» МКҚК.
Жалпы орта білім беру санатында:
I орын - «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Запорожье ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
II орын – «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» КММ;
III орын - «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан Сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
ТжКОБ ұйымдары санатында:
I орын - «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК;
II орын – Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК;
III орын - «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Щучинск қаласы, Жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ МКК