2020 жылдың 15-16 күндері Алматы қаласында Сүлеймен Демирель атындағы Университет базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы өтті. Конкурс бірнеше бағыттан тұрды. Фестиваль қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтармен өткізілді. Фестивальға республика бойынша 245 педагог қатысты. Барлық қатысушылар TED форматында "Таратуға лайықты идеялар" (Ideas Worth Spreading) өз жұмыстарын таныстырды. Ақмола облысынан барлығы 17 қатысушы өз бақтарын сынады.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының нәтижесі бойынша:
ІІ дәрежелі диплом – Атошева Жазира Бейбитовна, Целиноград ауданы, №32 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
ІІ дәрежелі диплом - Бекетай Баян Ахатайқызы Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясы директордың оқу жөніндегі орынбасары
ІІІ дәрежелі диплом - Айдарбекова Гүлнар Ескалиевна Целиноград ауданы, Төңкеріс ауылы орта мектебінің биология пәні мұғалімі
ІІІ дәрежелі диплом – Савина Светлана Викторовна Степногорск қаласы, №4 «Арман» балабақшасының тәрбиешісі.
Мадақтамаға ие болған педагогтар:
Третяк Наталья Юрьевна, Степногорск қаласы №4 «Арман» балабақшасының әдіскері.
Худобина Венера Рафаиловна, Ақкөл ауданы, №3 Ж.Бектуров атындағы ОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Бимендина Акмарал Мухтархановна, Аршалы ауданы, Ж.Ташенов атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі.
Денисенко Анна Даниловна, Астрахан ауданы, Новочеркасск ОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Әдей Жайнагүл , Көкшетау қаласының № 3 ОДБАМИ мұғалімі
Фестиваль, белсенді және шығармашыл мұғалімдердің бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа ұмтылыстарға талпынғандығы бізді қуантады. Әр мұғалім өзіне көптеген тәжірибе және жаңалықтар алды деген ойдамыз. Ақмола облысының тәжірибелі әрі талантты мұғалімдерінің жеткен жетістіктеріне ортақтаса отырып, жаңа табыстар тілейміз!