«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI республикалық байқауының облыстық кезеңің қорытындысы

20.03.2023

«Ақмола облысы біліс басқармасының әдістемелік орталығы» КММ                   2023 жылғы 14-16 наурыз аралығында жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесі мен шығармашылық әлеуетін арттыру, оларды Ақмола облысының білім беру ұйымдарында бекіту мақсатында «Жаңа мектепке –жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқауға еңбек өтілі үш жылдан аспайтын білім беру ұйымдарының 21 жас педагогы қатысты.

Байқаудың облыстық кезеңі үш тапсырмадан тұрды:

  • Бірінші тапсырма – «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу.
  • Екінші тапсырма – «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру.
  • Үшінші тапсырма – «Ашық сабақ». Байқауға қатысушылар Көкшетау қаласы мектептерінің алаңдарында бейтаныс сыныпта сабақ өткізді.

«Жаңа мектепке –жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI республикалық байқауының облыстық кезеңінің жүлделі орындары төмендегідей бөлінді:

1 орын – Маханова Аяулым Болатовна, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 көп салалы гимназиясы» КММ, география пәні мұғалімі;

2 орын– Умурзакова Дамели Танатовна, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі;

3 орын - Туткушев Алмаз Дулатович, Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация лицей- интернаты» КММ, физика пәні мұғалімі.

Номинациялар:

  • «Шеберлік шыңындағы жас педагог» - Мейрам Кәмила Сүйіндікқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, математика пәні мұғалімі.
  • «Тұлғаның мәдени және рухани негіздері» - Боранбаев Ербол Канатович, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, тарих пәні мұғалімі.
  • «Цифрлық трансформация» - Жагпаров Нариман Еркокшеевич, «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, информатика пәні мүғалімі.
  •  «Әдістемелік идея»  - Сайлауова Айдана Асқарқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі» КММ, биология пәні мұғалімі

Облыстық кезең жеңімпаздары (Маханова А.Б., Умурзакова Д. Т., Туткушев А.Д.) Щучинск қаласының «Балдәурен» РМҚК-да өтетін VI республикалық байқаудың  қорытынды кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз және республикалық кезеңде жеңістер тілейміз!

/public/files/2023/3/20/200323_175137_video5229145536400994862.mp4

Просмотров: 677

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст