30.03.2023
Әдістемелік идеялар марафоны
2023 жылдың наурыз айында "Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастырған Ақмола облысының орыс және ағылшын тілдерінің педагог –шеберлері Әдістемелік идеялар марафонын жалғастырды.
Бұл іс-шараның мақсаты-педагог-шеберлердің жұмыс тәжірибесінен үздік әдістемелік идеяларды тарату.
Марафон аясында ағылшын және орыс тілдері пәндерінің педагог-шеберлері шеберлік сыныптарын, коучингтерді, оқыту семинарларын және панельдік пікірталастарды өткізу арқылы тиімді педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
- "Орыс тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру" - Клышпекова Гүлнара Амантайқызы, ""Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Урюпинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
- "Орыс тілі сабақтарында сараланған оқыту" - Жұмабекова Құралай Орынбайқызы, Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" Лицей-интернаты" КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
- "Орыс тілі сабақтарында мәтінмен жұмыс істеудің тиімді әдістері мен тәсілдері" - Дүйсенова Әсия Перменқұлқызы, "Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласының мектеп-лицейі" КММ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
- "Жоба оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту құралы ретінде" - Асабаева Зульфия Талиповна, " Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі"КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
- "Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін қолдану" - Светова Светлана Викторовна, "Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
- "Блум таксономиясын орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында ойлаудың жоғары деңгейін қалыптастыру құралы ретінде қолдану" - Жакенова Гүлмира Дулатбекқызы, "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
- "Білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы ойын технологияларының мүмкіндіктері" - Айтмағамбетова Құлжан Өмірзаққызы, "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ ағылшын тілі мұғалімі.
- "Ағылшын тілін қашықтықтан және офлайн форматта оқытуда лексикалық тәсілді қолдану" - Кинцель Наталья Васильевна, "Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы" КММ ағылшын тілі мұғалімі.
- "Оқушылардың әлеуметтік - мәдени құзыреттілігін қалыптастыру шет тілін табысты меңгерудің кепілі ретінде" - Мұсаипова Әлия Қайыркенқызы, "Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" КММ ағылшын тілі мұғалімі.
- "Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту факторы ретінде сыни ойлауды қалыптастыру" - Берегенько Лариса Францевна, " "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Родина ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ ағылшын тілі мұғалімі.
Марафонға 200-ден астам педагог қатысты.