2020 жылғы 16-17 қаңтар күндері Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру педагогтарына арналған «Білім берудегі инновациялар: халықаралық ынтымақтастық траекториялары» халықаралық форумының үшінші кезеңінің іскерлік бағдарламасы өтті.
Әр күннің іскерлік бағдарламасы «Адам айналасындағы жобалар» тұжырымдамасында білім беру сапасын жақсарту үшін білім беру бағдарламаларының, тренингтердің, практикумдардың он 20 минуттық дайын кейстерінен тұрды.
Іскерлік бағдарлама пленарлық отырыс және параллель секциялардан тұрды
1. «Білім басқармасы» пленарлық отырысы;
2. «Оқу мотивациясын арттыру» секциясы;
3. «Инженерлік мектеп» секциясы;
4. «Инклюзивті білім беру» секциясы;
5. «Педагогикалық әдістемелер және дайын жобалар» секциясы.
Форум аясында «Білім берудегі инновациялар» көрме-жәрмеңкесі өтті.
Өз мәселелері бойынша ең үздік тәжірибеші болып табылатын Ресейдің түкпір – түкпірінен келген 20-дан астам сарапшының авторлық семинарлары мен тренингтері тыңдалды: Пиджакова Вероника Валерьевна – «Білім берудегі инновациялар: халықаралық ынтымақтастық траекториялары» халықаралық форумының директоры, В.В.Воскобович – «Сказочные лабиринты игры» 1-12 балаларға арналған дамыту құралдары мен ойындарының авторы, «РИВ» ЖШҚ бас директоры, Андреева Елена Сергеевна – тьютор және «Воскобович дамыту ойындары» компаниясының Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі, «Ақылды балалар» дамыту ойындары орталығының бас директоры, Калита Диана Сергеевна – ТРИЗ ойындарының авторы, «Новые кадры» тьюторлық орталығының жетекшісі, Шундрик Альбина Евгеньевна – «Луч» компаниясының білім беру жобаларының жетекшісі, Лучин Роман Михайлович – Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің математикалық механика, теориялық кибернетика кафедрасының ғылыми қызметкері, ТРИК жобасының жетекшісі.
Аталған форумға Ақмола облысының 150-ден астам педагог қызметкерлері қатысты, оның ішінде: аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері, жалпы білім беретін мектептердің педагогтары. Барлық тыңдаушыларға үлестірмелі материалдар мен оқудан өту туралы дипломдар берілді.