2020 жылғы 17 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының кеңсесінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдерінің қатысуымен 11 сыныпқа арналған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс отырысы өтті.
Жұмыс отырысына Павлодар, Қарағанды, Петропавл, Ақмола облысының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы- ұйымдастырушылары; СҚО Қызылжар ауданының, Нұр-Сұлтан қаласының алғашқы әскери және технологиялық дайындық және дене шынықтыру пәндерінің әдіскерлері, оқу құралдарының авторлары мен бірлескен авторлары қатысты.
Ақмола облысының өкілдері: «Келешек» баспасының редакторы, 10 және 11 сыныптарға арналған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқулығының авторы және бірлескен авторы Яковенко Виктор Леонидович; Ақмола облысы ББ «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің әдіскері Майбах Андрей Эдвардович; «Көкшетау қаласы № 16 ОМ» КММ-нің АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Букин Виктор Владимирович.
Бұл - 11 сыныпқа арналған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын әзірлеу, түзету және өзгерту бойынша жұмыс тобының төртінші, қорытынды отырысы. Жұмыс тобының мүшелеріне сараптау топтарының, орталықтар мен мектептердің алдыңғы отырыстарының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып, «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің өзгертілген бағдарламасы ұсынылды.