«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

TIMSS, ICILS-23 халықаралық зерттеу

11.04.2023

      2023 жылғы 16 наурыз бен 7 сәуірі аралығында «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне арналған жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту, функционалдық міндеттерді шешу бойынша шеберлік сағаттар, контент – практикумдар өткізді.

   TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі мақсаты бастауыш және негізгі мектептегі математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім беру сапасын салыстырмалы бағалау, оқушылардың цифрлық технологиялар ғасырындағы оқуға, жұмысқа және өмірге дайындық деңгейін зерттеу және олардың компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруға әсер ететін факторларды анықтау болып табылады.

Вебинар аясында жалпы білім беретін мектептердің педагогтері мен ПШО-ның тартылған жаттықтырушылары TIMSS, ICILS-ке дайындық кезінде сабақтарда оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін күнделікті жұмыста пайдаланған оқытудың белсенді нысандары мен әдістерімен бөлісті:

- «TIMSS тапсырмалары география сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту құралы ретінде» (Жижикина Ольга Витальевна, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласы       № 13 "ЭКОС "мектеп-гимназиясы» КММ география пәні мұғалімі);

- «TIMSS-оқушының математикалық білім беру сапасының заманауи мониторингі» (Мисник Екатерина Александровна, «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Домбыралы ауылы Горький атындағы мектеп-балабақшасы» КММ математика пәні мұғалімі);

 - «Биология сабақтарында жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша семинар» (Шаталова Светлана Анатольевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласы       № 11 мектеп-гимназиясы» КММ биология пәні мұғалімі, ПШО-ның тартылған жаттықтырушысы);

- «Шеберлік сағаты: «ТIMSS тапсырмаларын география сабағында қолдану ақылы оқушылардың функционалдық қабілетін дамыту жолдары» (Өнерхан Айнұр, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ география пәні мұғалімі);

- «Математика бойынша функционалдық есептерді шешу бойынша семинар» (Абеева Баян Каиржановна, «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Сабынды ауылы Үсенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика пәні мұғалімі);

- Контент – практикум: «ICILS  зерттеуіне шолу» (Бершимова Айгерим Касымбековна, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласы Мәлік Ғабдуллин атындағы                     № 3 мамандандырылған гимназиясы» КММ информатика пәні мұғалімі);

- «Оқушылардың TIMSS ICILS зерттеуіне қатысуға психологиялық дайындау»:

-«TIMSS, ICILS-2023 халықаралық тестілеу кезеңінде оқушыларды психологиялық сүйемелдеу» (Бейсенова Сандигуль Оразовна, «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагог - психологы);

- «Халықаралық оқуға дайындық кезінде оқу үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету»  педагог- психолог  (Исаканова Асия Зиядаевна , «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ).

Просмотров: 616


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст