«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингі (ББЖМ) мектептердің желілік байланысы» облыстық семинар

12.04.2023

2023 жылғы 11 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингі (ББЖМ) мектептердің желілік байланысы» тақырыбында облыстық семинары өтті.

Семинарға Зеренді, Біржан Сал, Бұланды, Бурабай аудандарының және Көкшетау қаласының  педагогтері, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және әдіскерлер қатысты. Барлығы 30 астам адам қатысты.

Семинар аясында қатысушылар химия және биология пәндері бойынша үздік практик-мұғалімдердің ашық сабақтарына қатысты. Педагогтер математика, география, физика пәндері бойынша шеберлік сыныптарын көрсетіп, инновациялық технологиялар сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

 Семинар соңында қатысушылар «Оқушылардың білім сапасының бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылатын білім сапасының тәуелсіз жүйелі мониторингі» фасилитациялық сессиясына қатысты.

Сессияда педагогтер ББЖМ-не оқушыларды дайындау кезінде туындайтын мәселерді ортаға салып, өздерінің көзқарастарымен, тәжірибелерімен алмасып, ұсынымдарды енгізуге ұсынды.

Просмотров: 465


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст