«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ МАРАФОНЫ

14.04.2023

2023 жылғы 5-12 сәуір аралығында Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен әдістемелік идеялар аясында математика пәнінің мұғалімдері үшін вебинар өткізілді.

Вебинардың мақсаты шебер ұстаздардың іс-тәжірибесінен алынған озық әдістемелік идеяларын тарату.

Марафон аясында педагог - шеберлер Т.Галиеваның жүйелі құрылымдық оқыту технологиясын қолдану, олимпиада тапсырмаларын шешу жолдары, мұғалімдерді заманауи дизайн контекстіндегі инфографиканың мәні мен формаларымен танысып, тәжірибе алмасты.

      Шеберлік сағатты келесі педагогтер ұсынды:

- «Оқытудағы жүйелі құрылымдық тәсіл», Кравченко Ольга Владимировна, Атбасар ауданы  Атбасар қаласының № 2 орта білім беретін мектебінің математика мұғалімі;

-«Математика сабақтарында инфографиканы қолдану», Хижняк Наталья Владимировна, Астрахан ауданы Жалтыр ауылының № 3 орта білім беретін мектебінің математика мұғалімі;

-«10-11 сыныпта алгебрадан қиындығы жоғары есептерді шығару», Ашуова Ботагоз Сейдахметовна, Көкшетау қаласының Техникалық лицейінің математика мұғалімі; 

- «Мәселелі есептерді дәстүрлі емес әдістермен шешу», Байганат Ризагуль, Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің математика мұғалімі; 

-«Математика сабақтарының практикалық бағыты немесе оқушының сұрағына жауап» және Не үшін білу қажет?» презентациясымен және әдістемелік ұсынымдарымен Сулейменова Ботакоз Казкеновна, Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылының математика мұғалімі;

- «Математика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы логиканың  рөлі» Дауыл Ұлан, Целиноград ауданы Қоянды ауылының № 2 орта білім беретін мектебінің математика мұғалімі  бөлісті.

Марафонға 250 астам педагог қатысты.

Просмотров: 535


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст