«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының жалпы білім беретін мектеп директорларының облыстық кеңесінің кезекті отырысы өтті

23.01.2020

2020 жылғы 22 қаңтар күні Ақмола облысының жалпы білім беретін  мектеп  директорларының облыстық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

 Кеңеске білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Б.Дүйсенова, білім басқармасының бөлім басшылары, облыстық мектеп директорлары кеңесінің 19 мүшесі, облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарының директорлары қатысты.

Шақырылғандар: Көкшетау қаласы, Атбасар, Жарқайың аудандары мектептерінің педагогтары, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының әкімшілігі.

     Келесі мәселелер қарастырылды:

1.  Жаңартылған білім берудің мазмұны жағдайындағы білім берудің инновациялық түрі.

2.  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялау ерекшеліктері.

3.  М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілді оқытатын пилоттық мамандандырылған мектеп-гимназиясының жұмыс тәжірибесі мен болашағы.

4.  Облыстағы дарынды балалармен жұмыс жүйесі. Қазіргі жағдайдағы Олимпиада қозғалысы.

5.  Дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты жағдайында интеллектуалды дарынды балалармен жұмыс жүйесі.

6. Толықтырулар енгізілген ҚР БҒМ № 125 бұйрығының негізгі ережелерін түсіндіру. Оқушыларды қорытынды аттестаттау сұрақтары.

7. Іс-шаралардың қадамдық жоспары («Шағын жинақты мектепте педагогикалық үдерісті басқару ерекшеліктері және оны жетілдіру жолдары» мәселесі бойынша 2019-2020 оқу жылына арналған жол картасы). «Педагог мәртебесі» ҚР Заңының негізгі ережелерін және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  негізгі бағыттарын түсіндіру. 

Ұйымдастырушылық сұрақтарды талдау:

1. «Облыстық сараптау кеңесі» ережесінің жобасын талқылау;

2.Облыстық мектеп директорлары кеңесі мүшелерінің құрамын бекіту;

3.Директорлар кеңесінің төрағасын, төрағаның орынбасарын сайлау;

4.Республикалық директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.

5.Ұсынымдарды әзірлеу және қабылдау. 

6. Мектеп директорларының облыстық кеңесінің жұмыс жоспарымен танысу.

7.  «Сараптамалық кеңес туралы»  ереже.

 

Просмотров: 482


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст