2020 жылғы 24 қаңтар күні Бурабай ауданы Щучинск қаласының №8 мектеп – гимназиясында салауатты өмір салты негіздері бойынша облыстық аймақтық семинар – тренинг өтті.
Аталған іс-шара оқушылардың адамгершілік - жыныстық тәрбиесі, нашақорлықтың, АИТВ-инфекциясының алдын алу, репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелерінде педагогтардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Семинар – тренингке ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, Ақмола облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының алдын алу және ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің мамандары, Ақкөл, Бұланды, Біржан сал, Бурабай, Зеренді аудандары мен Көкшетау қаласының әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар және медицина қызметкерлері қатысты. Жалпы қатысушылар саны - 95 адам.
Семинар барысында жалпы білім беретін ұйым жағдайында салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, оқу-тәрбие процесінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын құру және пайдалану, психологиялық-педагогикалық, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Педагогтарға тренингтер, миға шабуыл түрінде оқушылар арасында салауатты өмір салтының алдын алудың ең тиімді әдістерінің мысалдары, әр түрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз жүріс-тұрыс моделін дамыту бойынша жұмыс түрлері көрсетілді.
С.Тулемисова