«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ЕББҚ бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» оқыту семинары

20.04.2023

2023 жылғы 12-19 сәуір аралығында мектеп педагогтарының жалпы білім беру процесіне инклюзивті тәжірибелерді тиімді енгізу бойынша, кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында Көкшетау қаласының № 19 жалпы білім беретін мектебінің инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық ресурстық орталығы және Ақмола облысының білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлесіп онлаин оқыту семинарлар сериясын өткізді.

Вебинарларға ҚР ПМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мамандары қатысты. ҚР ПМ арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, облыстың арнайы білім беру ұйымдарының өкілдері; арнайы және жалпы білім беретін сыныптардың пән мұғалімдері, логопедтер, дефектологтар; педагог-психологтар; педагог-ассистенттер; директорлардың оқу жұмысы бойынша орынбасарлары, үйлестірушілер және инклюзивті практикаларды енгізуге жауаптылар.

ЕББҚ бар балаларды оқытуда балама, арнайы әдістерді қолдану туралы сұрақтар қаралды; оқу орнын бейімдеу және оқыту ортасын бейімдеу; арнайы педагогикалық көмек – инклюзивті білім беру жағдайында дефектологиялық, логопедиялық, психологиялық сүйемелдеу; ЕББҚ бар балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде педагог-ассистенттің көмегі, сондай-ақ педагогтерді толғандыратын басқа да мәселелер қарастырылған.

Просмотров: 802


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст