2023 жылдың 19 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен әдістемелік идеялар аясында тарих, география пәні мұғалімдері үшін вебинар өткізілді.
Вебинардың мақсаты: шебер ұстаздардың іс-тәжірибесінен алынған озық әдістемелік идеяларын тарату.
Шеберлік сағатын келесі педагогтер ұсынды:
-«Сабақтың бастапқы кезеңінде оқытудың белсенді әдістерін қолдану», Перешивкина Наталья Федоровна, Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Викторовка ауылының жалпы білім беретін мектебінің география, биология пәнінің мұғалімі;
-«Биологиядағы модельдеу қазіргі жағдайда білім сапасын арттырудың тәсілі ретінде», Орынбекова Ләззат Кәрімқызы, Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің география, биология пәнінің мұғалімі;
-«Жобалық-зерттеу қызметтін сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру құралы ретінде», Бекбаев Нұрлан Мықтыбайұлы, Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің тарих, мемлекеттік құқық негіздері пәнінің мұғалімі;
-«Тарихты мәдениет арқылы түсіну», Маурина Елена Валентиновна, Ақмола облысы білім басқармасының Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тарих пәнінің мұғалімі;
Вебинар барысында педагогтер толғандырып жүрген сұрақтарды талқылап, олардың тиімді шешу жолдарын қарастырды.
Марафонға 100-ге тарта педагог қатысты.